Жұма күні KASE индексі 0,16%-ға 2194,35-ке түсті

Алматы. 18 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,16% -ға 2197,86-дан 2194,35-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 47% түсіп, Т20,5 млн. немесе $52,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,3%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,6%) акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-0,4%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,4%) бағасы түсті
«Кселл» АҚ мен «KEGOC» АҚ акцияларының бағасы өзгерген жоқ.

adimage