Жұма күні KASE индексі 0,18 %-ға 2241,56-ға түсті

Күні: 18:56, 25-10-2019.

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,18% -ға 2245,68-ден 2241,56-ға дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 37,6% түсіп, Т55,9 млн. немесе $143,8 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+2,2%).
акциясының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,8%), KAZ Minerals PLC (-1,7%), «Кселл» АҚ (-0,001%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,6%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,7%) бағасы түсті.
«KEGOC» АҚ акциясының бағасы өзгерген жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: