Жұма күні KASE индексі 0,22%-ға 2170,22-ге өсті

Күні: 18:13, 27-09-2019.

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,22% -ға 2165,42 -ден 2170,22-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 13,1 есе өсіп, Т434,9 млн. немесе $1122,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Кселл» АҚ (+7,7%), «KEGOC» АҚ (+0,5%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,5%)акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,9%), KAZ Minerals PLC (-1,1%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-5,1%) және «Қазақтелеком» АҚ(-1,5%)акцияларының бағасы түскен.


Жаңалықтармен бөлісу: