Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұмаі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,22% -ға 2184,01-ден 2179,13-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 41,4% өсіп, Т25,6 млн. немесе $65,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+1,1%), «Қазақстан халық банкі» АҚ (+0,6%), «KEGOC» АҚ (+0,5%) «Қазақтелеком» АҚ (+0,03%) акцияларының бағасы өскен.
«Кселл» АҚ (-2%) «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,1%) акцияларының бағасы түскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ бағасы өзгерген жоқ.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстау облысында магистральдық газ құбырында жарылыс болды19 Наурыз 2024, 12:05
-
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде19 Наурыз 2024, 08:50
-
Тоқаев Қазақстанның креативті индустрия өкілдерімен кездесті18 Наурыз 2024, 17:47
-
Түркістан облысында 30 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен18 Наурыз 2024, 17:39