Жұма күні KASE индексі 0,3%-ға 2449,7-ге өсті

Күні: 18:27, 05-04-2019.

Алматы. 5 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,27% -ға 2443,00-ден 2449,66-ға дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 15,3% түсіп, Т73,4 млн. немесе $193,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,8%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,6%), «KEGOC» АҚ (+0,2%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,8%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,3%), «Кселл» АҚ (-0,3%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,1%) акияларының бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: