Жұма күні KASE индексі 0,34%-ға 2259,23–ке өсті

Алматы. 19 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,34% -ға 2251,52 -ден 2259,23-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 64,9 есе түсіп, Т78,5 млн. немесе $204,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,8%), KAZ Minerals PLC (+3,8%), «Кселл» АҚ (+0,1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,2%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,1%), «KEGOC» АҚ (-0,1%) және «Қазақтелеком» АҚ (-0,4%) акцияларының бағасы түсті.

adimage