Жұма күні KASE индексі 0,4 -ға 2321,5-ке өсті

Күні: 18:11, 15-02-2019.

Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,42% -ға 2311,80 -нен 2321,51-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 4,6 есе өсіп, Т281,3 млн. немесе $745,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,2%), KAZ Minerals PLC (+1,3%), «Қазақтелеком» АҚ (+2,1%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,2%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,3%), «Кселл» АҚ (-1,4%), «KEGOC» АҚ (-0,01%) акциялары төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: