Жұма күні KASE индексі 0,5%-ға 2386-ға өсті

Күні: 18:54, 15-03-2019.

Алматы. 15 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,52% -ға 2373,72-ден 2386,01-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 5,5 есе өсіп, Т119,4 млн. немесе $315,7 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,9%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+2,3%), «KEGOC» АҚ (+0,5%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,1%) акциялары өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,4%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,3%) акцияларының бағасы төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: