Жұма күні KASE индексі 0,57%-ға өсіп, 2155,58-ге жетті

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,57% -ға 2143,38-ден 2155,58-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 10,3% төмендеп, Т156,2 млн. немесе $350 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,004%), KAZ Minerals PLC (+1,3%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+2,5%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,9%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+3,6%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-3,7%) және «KEGOC» АҚ (-0,02%) акцияларының бағасы түсті.
«Кселл» АҚ акциясының бағасы өзгерген жоқ.

adimage