Жұма күні KASE индексі 0,6%-ға 2279,91-ге өсті

Алматы. 21 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,6% -ға 2266,4-тен 2279,91-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,5 есе өсіп, Т85,1 млн. немесе $226 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,5%), KAZ Minerals PLC (+0,6%), «Кселл» АҚ (+1,1%), «KEGOC» АҚ (+0,9%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+3%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,6%) және «Қазақтелеком» АҚ (-0,7%) акцияларының бағасы түсті.

adimage