Жұма күні KASE индексі 0,66%-ға 2289 –ға өсті

Алматы. 28 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,66% -ға 2273,91 -ден 2289-ға дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 4,58% өсіп, Т109,6 млн. немесе $288,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,4%), KAZ Minerals PLC (+1,7%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,6%), «Кселл» АҚ (+0,8%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,8%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «KEGOC» АҚ (-0,4%) акциясының бағасы түсті.
«Қазақтелеком» АҚ құны өзгерген жоқ.

adimage