Жұма күні KASE индексі 0,72%-ға 2195,22-ге өсті

Алматы. 7 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,72% -ға 2179,48-ден 2195,22-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 9,1 есе түсіп, Т84,1 млн. немесе $219,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,6%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,9%), «Кселл» АҚ (+0,1%), «Қазақтелеком» АҚ (+2,1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,2%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «KEGOC» АҚ (-0,04%) акциясының бағасы түскен.

adimage