Жұма күні KASE индексі 0,85%-ға 2265-ке түсті

Алматы. 24 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,85% -ға 2284,35 -тен 2265-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 34,7% түсіп, Т73,4 млн. немесе $193,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,01%) және «KEGOC» АҚ (+0,4%) акцияларының бағасы өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-1,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,9%), «Кселл» АҚ (-1,3%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,2%) акцияларының бағасы түскен.

adimage