Жұма күні KASE индексі 1,06%-ға өсіп, 2324,8-ге жетті

Алматы. 13 желтоқсан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 1,06% -ға 2300,44-тен 2324,8 дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,2 есе өсіп, Т87,8 млн. немесе $228,14 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,004%), KAZ Minerals PLC (+6%), «KEGOC» АҚ (+0,2%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+2,4%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,7%), «Кселл» АҚ (-0,01%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,7%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,6%) бағасы түсті.

adimage