Жұма күні Маңғыстау облысында тұман және көктайғақ күтіледі

Күні: 19:22, 17-01-2019.

Астана. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Маңғыстау облысындағы қолайсыз ауа райы салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«18 қаңтарда Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады деп күтілуде», -делінген хабарда.
Ақпарға сәйкес, Ақтауда 18 қаңтарда түнде және ертеңгісін тұман түседі. Күндіз солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: