Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – Жұма күні Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«24 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% деп бағалауда.
«24 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз найзағай кезінде жел солтүстік-батыстан, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласы: Күндіз 24 мамырда найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26