Жұма күні Нұр-Сұлтанда, Шымкентте және екі облыста дауылды ескерту жариялады

Күні: 17:49, 01-08-2019.

Астана. 1 тамыз. ҚазТАГ – Жұма күні Нұр-Сұлтанда, Шымкентте және екі облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен.
«2 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с. Нұр-Сұлтан қ: 2 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.. Көкшетау қ: түнде және таңертен 2 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«2 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 2 тамызда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қ.: 2 тамызда күндіз кей уақытта шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: