Жұма күні Нұр-Сұлтанда және ҚР бес облысында жаңбыр, бұршақ және күшті жел күтіледі

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жұма күні жаңбыр, бұршақ және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
03 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қ: 03 шілдеде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Нұр-Сұлтан қ: 03 шілдеде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 03 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
«Түнде 3 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 3 шілдеде кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Петропавл қ: түнде 3 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі», - деді синоптиктер.
3 шілдеде Батыс-Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстікте 35 градус қатты ыстық күтіледі. Орал қ.: 3 шілдеде түнде найзағай күтіледі.
«03 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршак күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Өскеменде 3 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүсік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Семейде күндіз 3 шілдеде найзайға, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жел тұрады», - делінген хабарда.
Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

adimage