Жұма күні Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі

Күні: 17:28, 21-02-2019.

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ - Жұма күні Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 ақпанда Қостанай облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: