Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Қатты аяз салдарынан Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидрмет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде 8 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз 40 градус сақталады. Күндіз кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Петропавл қаласында күндіз 8 ақпанда бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Жұма күні СҚО-да қатты аяз және жел күтіледі
