Астана. 1 тамыз. ҚазТАГ – 2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«02 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 02 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Жұма күні СҚО-да бұршақ жауады деп күтілуде
