Жұма күні Шығыс Қазақстан облысында тұман, бұрқасын және күшті жел күтіледі

Күні: 15:38, 14-02-2019.

Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Жұма күні Шығыс Қазақстан облысында тұман, бұрқасын және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.


Жаңалықтармен бөлісу: