Жұма күні Шымкентте және бес облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Шымкентте және бес облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 қаңтарда Түркістан облысында ауа температурасының түнде 0-5, кей жерлерде 8 градус аяз, солтүстік аудандарда 13-18 градус аязға дейін, күндіз 0-5, кей жерлерде 8 градус аяз, солтүстік аудандарда 12 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 23 қаңтарда күндіз таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, таулы аудандарда 30 м/с және одан аса сақталады. Шымкент қ.: 22 қаңтарда таңертең және күндіз қатты қар күтіледі. 22 қаңтарда ауа температурасының күндіз 3-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 22-23 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Түркістан қ.: 22 қаңтарда ауа температурасының күндіз 6-8 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 22-23 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 22 қаңтарда Қызылорда облысында ауа температурасының түнде 15-20 градус аязға дейін, күндіз 3-8, кей жерлерде 11 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
22 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
«22 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады», - делінген хабарда.
Жұма күні күндіз Алматы облысы Талдықорғанда көктайғақ күтіледі. Батыстан, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.
«22 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Орал қ.: 22 қаңтар түнде және таңертең тұман күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage