Жұма күні Шымкент пен төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ – Жұма күні Шымкент пен төрт облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«27 маусымда кешке, 28 маусымда тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20, 28 маусымда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 28 маусымда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Түркістан қ.: 28 маусымда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«28 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ. Солтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-шығысқа ауысып кей жерлерде 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарда.
28 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«28 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%»,- деді синоптиктер.
.

adimage