Жұма күні Шымкентте және тағы жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Жұма күні Шымкентте және тағы жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«7 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 7 тамызда күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 7 тамызда күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Күндіз 07 тамызда Ақмола облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
«7 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ақтауда 7 тамызда ертеңгісін күн күркірейді», - делінген хабарда.
7 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 7 тамызда найзағай күтіледі, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с күтіледі.
«Түнде және таңертең 7 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстіктен күндіз кей жерлерде жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 7 тамызда түнде найзағай, күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі», - деді «Қазгидрометтен».
7 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 7 тамызда күндіз найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«07 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтеледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-100%.

adimage