Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Жұма күні Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда және Қостанай облыстарында жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«13 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде, күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: түнде 13 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. 13 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 13 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, 13 желтоқсанда Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ сақталады. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі..
«13 желтоқсанда Қостанай облысында түнде қар күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: түнде 13 желтоқсанда қар, бұрқасын, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.
Қатысты сілтемелер
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26