Жұма күні Қызылорда облысында шаңды дауыл сақталады

Күні: 17:51, 29-08-2019.

Астана. 29 тамыз. ҚазТАГ - Қызылорда облысында жұма күні шаңды дауыл сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«30 тамызда Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл сақталады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, түнде екпіні 23 метрге жетеді. Қызылордада секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-батыстан соққан жел 30 тамыздың таңертең және түстен кейін сақталады. Күндіз шаңды дауыл болады », - делінген бейсенбіде дауыл туралы ескерту.
Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 95-100% деңгейінде бағалайды.


Жаңалықтармен бөлісу: