Жұмада KASE индексі 0,48% -ға өсіп, 2262,5-ке жетті

Күні: 18:41, 23-11-2018.

Алматы. 23 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұмадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,48% -ға өсті – 2251,86 -дан 2262,56-ға дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,1 есе өсіп, Т138,9 млн. теңгені немесе 379,4 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында  «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,8%), KAZ Minerals PLC (+0,2%),   «Кселл» АҚ (+2,1%),   «KEGOC» АҚ (+0,5%),  «Қазақтелеком» АҚ (+0,5%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,3%) акциялары қымбаттады.
Ал  «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1%) акциясының бағасы түсіп кетті.


Жаңалықтармен бөлісу: