Жұмада KASE индексі 0,53%-ға төмендеп, 3 083,79 тармақты құрады

Алматы. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасындағы жұма күнгі (KASE) акциялардың  сауда-саттық қорытындысы бойынша 2022 жылдың 30 қыркүйегінде KASE индексінің мәні 0,53%-ға немесе 3100,26 тармақтан 3083,79 тармаққа дейін төмендеді.

KASE Индексінің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен 23 қыркүйекте жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 5,0 есе төмендеп, 44,3 млн теңгені  немесе 92,9 мың доллларды құрады.

Биржаның мәліметі бойынша, сауда барысында «Кселл» АҚ (+0,1%), «НАК «Қазатомөндіріс»ҰАК»АҚ (+0,9%) және «ҚазТрансОйл»АҚ-ның (+0,1%) акцияларының бағасы өсті.

Ал, «Банк ЦентрКредит» АҚ  (-1,3%), «Қазақстанның Халық банкі» АҚ (-0,6%), «KEGOC» АҚ (-0,2%), «Kaspi.kz»АҚ (-2,1%) және «Қазахтелеком» АҚ-ның (-0,6%) акциялары арзандады.

adimage