Жұмадағы KASE индексі 0,3% -ға 2231,6-ға дейін өсті

Күні: 18:47, 05-10-2018.

Алматы 5 қазан ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұмадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,31% -ге өсті - 2224,79-дан 2231,61-ге дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 14,3 есе өсіп, 552,5 млн. теңгені немесе 1478,7 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» (+1,5%), «Қазақстан халық банкі» АҚ (+3,3%) және    «Кселл» АҚ (+0,8%).акциялары қымбаттады.
Ал Kaz Minerals PLC (-3,7%),  «KEGOC» АҚ (-0,4%) және «Қазақтелеком» АҚ (-0,01%) акцияларының бағасы  түсіп кетті.


Жаңалықтармен бөлісу: