«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мембағдарламасына 7,9 мың шымкенттік қатысты

Шымкент. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мембағдарламасына 7 906 шымкенттік қатысты, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мембағдарламасына 7 906 шымкенттік қатысып, олардың 3 633 адамы жұмысқа орналастырылды», - деп хабарлады сәрсенбі күні баспасөз  қызметінен.
Биыл барлығы қалалық жұмыспен қамтамасыз ету орталығына шымкенттіктерден 19 630 адам жүгінді. Олардың 89%-ы жұмысқа орналастырылды.
Әкімшіліктен хабарлағандай, 3 мыңнан астам адам үшін жаңа жұмыс орындары ашылды. Мысалы, тек мембағдарламалар бойынша іске асырылған жобалар аясында 2 312 жұмыс орны ашылды.
Шымкенттің индустриалдық аумағында 31 жаңа кәсіпорын ашылды. Одан басқа тағы 37 жоба іске асырылу кезеңінде, олар іске қосылған соң жұмыс орындарының саны екі еседей артады.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, ағымдағы жылы Шымкентте шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21%-ға артып, 84 259 болды.

adimage