Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша ОҚО-да 17 мыңдай адам жұмысқа орналастырылды

Шымкент. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында 17 мыңдай адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
««Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ОҚО-да 17 мыңдай адам жұмысқа орналастырылды. Азаматтарды кәсіби бейіндеу арқылы 20 012 адам қамтылды және осы мақсаттарға 100,722 млн теңге жаратылды. Кәсіби бейінделуден өткендерден 2316 адам тұрақты жұмыстарға орналастырылды», - деп айтқан облыстық жұмыспен қамтамасыз етуді үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Әсия Темірбаеваның дәйексөзін баспасөз қызметі келтіріпті.
Әкімшілік мәліметтерінше, бағдарлама аясында өңірде 3830 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, ол үшін 604 кәсіпорынмен келісімшарттар жасалды. Бұл жұмысқа орналастырылғандар саны жоспарланғаннан әлде қайда көп. Осы санаттағы жұмысшылардың орташа жалақылары Т51 мыңды құрайды.
Жастарды жұмысқа тарту үшін ОҚО-да 1037 жұмыс берушімен келісімдер жасалып, олар 3512 адамға жұмыс берді, ал бастапқыда өңірдің 2100 тұрғынына көмектесу жоспарланған болатын.
Одан басқа, биыл жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының мобильдігін арттыру жөніндегі бағдарлама бағыты аясында, Шымкентте 480 пәтерлік 6 көпқабатты үй тұрғызылды.

adimage