Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ - Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматының үш ауданында салқын су уақытша тоқтатылады, деп хабарлады «Алматы су» МКК баспасөз қызметінен.
«24 қыркүйек күні сағат 20.00-ден бастап Алматы қаласының Түрксіб, Алатау және Жетісу аудандарының біршама бөлігінде қаланың инженерлік желілеріне жүргізілген жоспарлы жұмыстарыға байланысты ауыз су уақытша тоқтатылады», - делінген дүйсенбіде «Алматы су» МКК сайтында жарияланған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, аталған жұмыстар қаланың төменгі бөлігіндегі тұрғын үйлерді, стратегиялық нысандарды үздіксіз сумен жабдықтауға мүмкіндік туғызбақ.
«Елді-мекендерді ауыз сумен қайта қамтамасыз ету жұмыстары 26 қыркүйек күні сағат 10:00 ден басталып, суық суды толығымен түстен кейін тұтынушыларға жеткізу жоспарланып отыр», - делінген хабарда.
Тұтынушылар мен әлеуметтік мекемелерге арнайы 23 су тасығыш көліктері бөлінген.
Су тасушы көліктерінің орналасқан мекен-жайлары almatysu.kz сайтында жүктелген.
Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматының үш ауданында салқын су уақытша тоқтатылады
