Жәйрем кен-байыту комбинатында жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында шиеленіс орын алды

Алматы. 13 тамыз. ҚазТАГ- Жәйрем кен-байыту комбинатында жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында шиеленіс орын алды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларының қатысуымен шиеленіс орын алды. Бірнеше шетел жұмысшы азаматтары жеңіл түрде жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда айтылғандай, жағдайды реттеу үшін оқиға орнына облыс әкімі Ерлан Қошанов барды.
«Жәйрем кентінде аймақ басшысы кент тұрғындарымен және Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларымен кездесті. Өткізілген кездесудің нәтижесі бойынша жағдай реттелді. Кенттегі жағдай тұрақты және облыс әкімінің ерекше бақылауында», - делінген хабарда.
Атап өтелік, кейбір БАҚ ақпарынша, 12 тамыз күні кешкісін шамамен 50 жігіт бақылау-өткізу пунктін бұзып өтіп, салынып жатқан фабрика аумағына өтіп, шетелдік азаматтармен (Түркия азаматтары) төбелескен, соның салдарынан алты түрік зардап шеккен.
Еске сала кетейік, 29 маусымда араптың әлеуметтік желідегі жарияланамы үшін Теңізде 3GI зауытында 1 мыңдай жұмысшы ереуілге шыққан.
Атырау облысы әкімдігінде мәлімдегендей, 29 маусымда шамамен 11.00-де «Теңіз» жұмысшылар кентінде (аталмыш кен орны Атырау қаласынан 340 ш, Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 ш. қашықтықта орналасқан) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесінде жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің «WhatsApp» профиліндегі жақында жариялаған суретіне ашуларын білдірген, ол суретте ливиялықтың қолында рациясы бар, ал оның антеннасы қызға қарай бағытталған.
Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, оқиға орнында уәкілетті органның барлық лауазымды тұлғалары, аудан прокуроры бар, жұмысшылармен кездесу үшін облыс әкімі де ұшып шыққан, ПД, ҰҚКД өкілдері, облыс прокуроры да келген, оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұр.
Кейін белгілі болғандай, энергетика бірінші вице-министрі Досмұхамбетов кешке Атырауға ұшып шықпақ.
Кейін Ливиялық Эли Дауд қазақстандықтар алдында кешірім сұраған видеохабарламасын жариялады. Атырау облысы полиция департаменті «Теңіз» жұмысшылар кентіндегі бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Аталмыш жағдай барысында 30 шақты адамға медициналық көмек көрсетілген, қаза тапқандар жоқ.
1 шілдеде «Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)» араптық компанияның бас директоры Кауаш Хишам тәртіпсіздіктің туындауына себеп болған видео үшін кешірім сұрады.
Сол күні «Теңізшевройл» (ТШО) мердігер компания «Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)»-мен ешқандай шартты бұзбағанын жеткізді.
2 шілдеде ҚР энергомині хабарлағандай, ТШО расталған ақпары бойынша, Теңіздегі жанжал салдарынан медициналық пунктке29 маусымда 45 адам жүгінген.

adimage