Жәйремдегі жанжал: ауылдың жеті тұрғыны ұсталды

Алматы. 20 тамыз. ҚазТАГ – 12 тамызда орын алған жанжал нәтижесінде бөтеннің мүлкін ұрлау және бұзақылық әрекеттері күдігі бойынша Жәйрем ауылының жеті тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Бөтеннің мүлкін ұрлау және бұзақылық әрекеттері күдігі бойынша 22-33 жас аралығындағы Жәйрем ауылының жеті тұрғыны ұсталды. Ұсталғандар істегендерін мойындап түсінік берді және уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. (…) Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, 12 тамызда Жәйрем ауылы тұрғындары мен Жәйрем ТКБК жаңа кен байыту фабрикасы құрылысшылары арасында тұрмыстық жанжал орын алған, нәтижесінде он шақты адам жеңіл жарақат алған, оларға медициналық көмек көрсетілген.
«Біздің құрылыста Қазақстаннан 1,5 мыңнан астам құрылысшы, сондай-ақ, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Әзірбайжанның, Түркияның азаматтары жұмыс жасап жатыр. Жәйремде соңғы өнеркәсіптік құрылыс сонау кеңес кезеңінде болған, сондықтан соншалықты көлемдегі құрылысшылар бізде жоқ. Біздің алдымызда үлкен мақсат тұр – сенімді компания тауып, екі жылда жаңа фабрика салып, іске қосу. Нысанда екі мердігер компания, 23 қосалқы мердігер компания жұмыс жасап жатыр», - деді Әкімов.
Басқармада атап өткендей, «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ ағымдағы өндірісі өз жұмысын жалғастырды және тамыз айының басындағы жағдай бойынша мұнда 1,7 мың адам жұмыс жасауда, олардың арасында шетелдіктер жоқ.
Бұған дейін хабарланғандай, Жәйрем кен-байыту комбинатында жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында шиеленіс орын алды. Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі нақтылағандай, 12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларының қатысуымен шиеленіс орын алды. Бірнеше шетел жұмысшы азаматтары жеңіл түрде жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Облыстық әкімдікте атап өтілгендей, жағдайды реттеу үшін оқиға орнына облыс әкімі Ерлан Қошанов барды. Жәйрем кентінде аймақ басшысы кент тұрғындарымен және Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларымен кездесті. Өткізілген кездесудің нәтижесі бойынша жағдай реттелді. Кенттегі жағдай тұрақты және облыс әкімінің ерекше бақылауында.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 293 б. 3б. бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
14 тамызда Жәйрем ауылындағы Жәйрем тау-кен байыту комбинатындағы (ЖТКБК) жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасындағы шиеленісті тексеру үшін комиссия құрылатыны хабарланды. Комиссия құрамына мемлекеттік орган, қоғам, еңбек ұжымы және Жәйрем ЖТКБК өкілдері кіреді. Басқарма ақпарынша, жанал салдарынан шамамен 10 адам жеңіл жарақат алған, оларға медициналық көмек көрсетілген.

adimage