Жүзгіш Әділбек Мусин Оңтүстік Кореяда ӘЧ-2019-да Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Астана. 23 шілде. ҚазТАГ – Жүзгіш Әділбек Мусин Кванджуда (Оңтүстік Корея) 2019 жылғы әлем чемпионатында (ӘЧ-2019) Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Кванджуда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден іріктеу кезеңдері өтті. Қазақстандық Әділбек Мусин 01.58.58 уақыт көрсеткішімен өз тобында екінші орын алды. Ал жалпы іріктеу кезеңінде 25-ші сатыға тұрақтап, финалға өте алған жоқ. Десе де, Мусин осы нәтижесі арқылы Қазақстан рекордын жаңартты. Бұрынғы рекорд да Мусинге тиесілі болатын. Ол АҚШ-та өткен жарыста 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 1.59.48 нәтижесін тіркеді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Айта кетелік, бұл Әділбектің әлемдік сындағы екінші рекорды. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден де ел рекордына түзету енгізді.

adimage