Жүзінші қажылықты тойлаған қазақстандықтың ісін қанағатсыздық және даңғазалық деп атады АҚДМ

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жүзінші рет қажылыққа барғанын тойлаған Амангелді қажы Еренғайыпұлының ісін қанағатсыздық және даңғазалық деп атады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мен бұл артық деп санаймын. Мен ол адам имамдарға қатысы бар екен деп ойладым, жүзінші рет қажылыққа барғанын тойлау даңғазалық. Бұл адамға жақсы атақ бермейтін шығар», - деді Абаев Қазақстандағы дінтанушылардың IX форумының кулуарында.
Еске салсақ, бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде 22 рет үлкен қажылықта, 78 рет кіші қажылықта болып қайтқан Еренғайыпұлы туралы хабар тараған еді. Ол барған қажылықтың жалпы саны жүзге жеткен, соған арнап үлкен той өткізген.
Бірқатар БАҚ ақпарынша, бейнеролик кейіпкері Амангелды қажы Еренғайыпұлы 2002 жылдан бері қажылық жөніндегі «Нұр Қазақстан» компаниясының президенті болып табылады. Осы уақыт ішінде оның басшылығымен Сауд Арабиясына 16 мыңнан астам құлшылық етуші қазақстандық барып қайтқан.
Салтанатты шарада басты кейіпкерді батырлар мен жігіттердің киіміндегі актерлер Қазақстанның туын желбіретіп алып шыққан.
Амангелды қажы Еренғайыпұлы тойын «Шүкір той» деп атаған.

adimage