Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. «Жаңа Алматы» жоспарын жүзеге асыруға $2,15 млрд астам жұмсалмақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тек «Жаңа Алматы» жоспарының өзіне Т834,5 млрд көлемінде қаржы жұмсалмақ. Ағымдағы бағам бойынша бұл $2,155 млрд», - деп мәлімдеді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сәрсенбі күні Almaty Investment Forum 2019 шарасында сөйлеген сөзінде.
Қалалық әкімшілік басшысының айтуынша, «Жаңа Алматы» мен Үлкен агломерацияны дамыту жоспарлары бүкіл қала экономикасы үшін маңызды драйвер.
«Алматының осы бәсекелестік басымдықтары (инвестклимат бойынша жетекшілік рейтингі, ҚР ірі өңірлік экономикасы, адами капиталдың шоғырлағышы және қалалық инфрақұрылымның көлемді жаңғыртылуы – ҚазТАГ) бізге кейінге қалдырмастан, экономикасы күшті, қарқынды өсіп келе жатқан және бәсекеге қабілетті болатындай етіп қала экономикасында құрылымдық өзгерістер жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Сағынтаев.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51