Жаңа индустриалды-инновациялық бағдарламаны дайындау барысында барлық кемшіліктерді ескеру қажет

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Жаңа индустриалды-инновациялық бағдарламаны дайындау барысында барлық кемшіліктерді ескеру қажет, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Президент жаңа Мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламаны сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударып, алдыңғы бағдарламаларда кеткен кемшіліктерді ескеру керектігін тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев жоспарларды іске асыру үшін жалаң есеп емес, салмақты талдау, тиімді іс-әрекеттер қажет деп санайды», - деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі Тоқаевтың бейсенбі күні Көкшетауда өтіп жатқан Ақмоола облысын дамытуға арналған жиынынан.
«Үкіметтің, Парламент депутаттарының, облыс әкімдерінің міндеті – Елбасының ұзақ мерзімді Стратегиясын, Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны іске асыруға барлық күш-жігерін жұмсау»,- деп атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Тек осылайша біз барлық қауіп-қатерді жеке аламыз»,- деді Тоқаев.

adimage