Жаңа оқу жылында Астанада үш мектеп ашылады

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – Жаңа оқу жылына Астанада жаңадын үш мектеп ашылады, деп хабарлады елорджа әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, жыл сайын елордада жаңа оқу орындары пайдалануға беріледі.
Жаңа оқу жылында (2015-2016 жж) Астанада тағы үш мектеп ашылмақ: «Есіл» ауданы Орынбор көшесі 22/1 мекен-жайы бойынша орналасқан №77 мектеп-гимназиясы, Комсомольский тұрғын алабындағы Е246 көшесінде орналасқан №79 мектеп-гимназиясы және Батығай тұрғын алабында орналасқан дарынды балаларға арналған «Astana English school» мектебі. Әр мектеп 1200 орынға лайықталған.
Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, ағымдағы жылы 17 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа бармақ. Өткен жылмен салыстырған бірінші сыныпқа баратын оқушылар саны 2 мыңға артқан.
Басқарма мәліметінше, жаңа оқу жылынды жалпы алғанда 115 099 оқушы мектепке барады.

adimage