Жаңа оқу жылында маңғыстаулық мектептерде 500 жас маман жұмысқа кіріседі

Ақтау. 20 тамыз. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында жаңа оқу жылында 500 жас маман жұмысқа кіріседі, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Облыстық білім басқармасының бастығы Зейнеп Тастемірованың айтуынша, жаңа оқу жылында педагогтар қатары 500 жас маманмен толығады, олардың арасында педагогикалық ЖОО түлектері, оның ішінде Маңығстау әкімінің гранттарымен оқып жатқан келешек 171 ауыл мектептерінің мұғалімдері бар.  
Маңғыстау облысында педагогтарға деген сұраныс, Зейнеп Тастемірованың айтуынша, 87 адам.
Кадр тапшылығы негізінен жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерде (29 адам, немесе 33,3%), қоғамдық-гуманитарлық (34 адам, немесе 39,1%), сондай-ақ бастапқы сынып оқушылары (16 адам, немесе 18,3%), технологиядан (2 адам, немесе 3%), логопед (4 адам, немесе 4,5%)  дефектологтар (2 адам, немесе 2,3%).
1 тамызға 500 жас маманнан 103 адам жұмысқа орналастырылды. Тамыз айның соңына барлық енді жұмыс бастаған мұғалімдер қамтамасыз етіледі.
Бүгінге Маңғыстау облысының мектептерінде 13 700 педагог жұмыс істейді. Басқарма болжамынша, жаңа оқу жылында өңір мектептерінде 14 200 педагог жұмыс істейді.

adimage