Жаңаөзенде кәсіпкерлік пен моноқалаларды дамыту аясында Т1,434 млрд болатын 34 жоба мақұлданды

Ақтау. 4 қараша. ҚазТАГ – «Жаңаөзенде кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған арнайы жобасы» бағдарламасы аясында өңірлік үйлестірушілік кеңесімен 12 жоба мақұлданып, моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 22 жоба мақұлданды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Өңірлік үйлестіруші кеңес жаңаөзендік кәсіпкерлердің 34 жобасын мақұлдады. Жобалар арасында: Жаңаөзенде таңғыш медициналық материалдарын өндіру цехын ашу, көлік қызметін ұйымдастыру, ірі сауда-ойын сауық кешенін ашу, сұлулық салонын, 3D-кинотеатрын ашу, балабақша мен т.б. ашу бар», - деп хабарлады Маңғстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастығы м.а. Венера Мұстапаева
Мысалы, «Жаңаөзенде кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған арнайы жобасы» бағдарламасы аясында өңірлік үйлестіруші кеңесімен Т334 млн сомалық 12 жоба мақұлданды. Олардың 7-еуі Т264 млн сомаға пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша және 5 – несиелерге кепілдемелер бойынша Т70 млн сомаға. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша биыл Т1,1 млрд сомалық 22 жоба мақұлданды.  
«Биылғы жыл «Жаңаөзенді дамытудың арнайы жоспары» бағдарламасының аяқталатын жылы. Ол бағдарлама Жаңаөзен кәсіпкерлерінің арасында кеңінен танымал. Ол кәсіпкерлерге жақсы мүмкіндік береді. Егер «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында кәсіпкер мемлекеттен несиесінің тек 7%-ын несиелейтін болса, моноқалалар бағдарламасы аясында - 10%», - деді В. Мұстапаева.
Оның айтуынша, былтырғы жылы моноқалалар бойынша тек 3 жоба мақұлданған.
«(...) бүгінге 22 жоба (моноқалалар бойынша – ҚазТАГ). Атап айтқанда, 17 жоба – кәсіпкерлердің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау және үш жоба – мемлекеттік гранттар беру», - деді ол.

adimage