Жаңаөзенде әкім ауыстырылды

Күні: 12:35, 04-09-2019.

Алматы 4 қыркүйек ҚазТАГ - Жаңаөзенде әкім ауыстырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Ибагаров Мақсат Оңғарбайұлы Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды», - деді сәрсенбіде Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сама Сүлеев.
2008 жылдан бастап Ибагаров әкім тағайындалғанға дейін «ӨзенМұнайГаз» АҚ жүйесінде жұмыс істеді - ол басшы лауазымдарда, серіктестік кәсіподақ ұйымының төрағасы және бас директор қызметін атқарды.
Бұған дейін Жаңаөзенді Әділбек Дауылбаев басқарған.
Еске салсақ, 2 қыркүйекте Жаңаөзенде Маңғыстау облысының аумағында қытайлық кәсіпорындардың салынуына қарсы наразылық шеруіне 100-ден астам адам қатысты. 3 қыркүйекте Жаңаөзенде шаралар жалғасын тапты - бұл жолы акцияға 500 адам келді. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов наразылық білдірушілермен кездесті, олар Жаңаөзен тұрғындарының талаптарын тыңдады және азаматтарды Қазақстанда қытайлық кәсіпорындар салынбайды деп сендірді.


Жаңалықтармен бөлісу: