Жаңаөзендегі жағдай туралы хабар таратқан журналистерді «әлдекімнің» арызы бойынша қамауға алды

Күні: 16:31, 27-02-2019.

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Жаңаөзендегі жағдай туралы хабар таратқан журналистерді «әлдекімнің» арызы бойынша қамауға алды, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.
«Жаңаөзенде «Азаттық» радиосының тілшісі Сәния Тойкен мен оператор Санат Нұрбек қамауға алынды. (…) Тойкен мен Нұрбек жұмыс талап еткен тұрғындардың екінші апта жиналып жатқан Жаңаөзендегі қалалық алаңда ұсталған. Журналистерді ұстап алып, Ақтауға жеткізген, ІІД-не. Оларға мәлімдегендей, әлдекімнен арыз түскен», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 26 ақпанда редакцияның тапсырмасы бойынша журналистер Ақтаудан Жаңаөзенге барған. Қалада орын алған жағдай туралы хабар тарату үшін.
«Сәния Тойкеннің ақпарынша, ол қазіргі таңда тергеуші Назарбай Жанбаевтың кабинетінде отыр. Оператор Санат Нұрбек басқа тергеушінің кабинетінде. Журналистердің ұсталғандығы туралы бұрынырақта Жаңаөзен тұрғыны хабарлаған еді, оның айтуынша, соңғы бірнеше күн бойы қалада коменданттық сағат жарияланып, ондаған қала тұрғыны ұсталған. Маңғыстау облысы полиция департаментінде журналистердің ұсталуына ешқандай түсінік бермеді», - деп хабарлады қордан.
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Жаңаөзен тұрғындарының көшеге шығып жалақысы жоғары жұмысты талап ететіндері туралы бейнеролик белсенді түрде тарап кетті. Жалақының көтерілуі мен жақсы жұмыс талап еткен Жаңаөзен тұрғындары 2018 жылдың аяғында республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатына сілтеме жасаған. Сол кезде мемлекет басшысы әйелі мен күйеуі жұмыс жасайтын отбасының орташа табысы Т500 мың деп айтқан болатын. Ресми түрде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақы Т42,5 мыңды құрады.
Атап өтелік, соңғы екі аптада Тойкен екінші рет полицияға жеткізіліп отыр. Бұған дейін ол көпбалалы аналардан сұхбат алуға тырысқанда Астананың ішкі істер бөліміне жеткізілген еді.
Еске салсақ, Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған.
Қоғам өкілдерінің пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Осы жағдайдан кейін соңғы бірнеше күн бойы көп балалы аналар аталмыш проблемаларға қатысты қоғамдық жиналыстар өткізуді бастады. Осындай жиналыстардың бірқатары Астанада өтті, алайда, куәгерлердің айтуынша, күш құрылымдары оның өткізілуіне кедергі келтіруде, бұл қоғам тарапынан қосымша сынға ілігуге себеп болды. Наразылық білдіруші аналарға эстрада жұлдыздары араша түсті. Оның ішінде белгілі қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев те бар.


Жаңалықтармен бөлісу: