Жаңаөзенге әскерилер әкеленіп жатыр деген ақпаратты облыстық әкімдік жоққа шығарды

Күні: 18:56, 26-02-2019.

Ақтау. 26 ақпан. ҚазТАГ – Жаңаөзенге әскерилер әкеленіп жатыр деген ақпаратты облыстық әкімдік жоққа шығарды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Әлеуметтік желіде таратылып жатқан Жаңаөзенге әскери күштердің әкелінуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жаңаөзенде жағдай қалыпты. Қалада жұмыссыз тұрғындарды тіркейтін және бос орындарды бөлетін бірнеше пункт ашылды, қала халқын жұмысқа орналастыру белсенді түрде жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді сейсенбіде облыс әкімдігінен.
Бұған дейін ғаламторда Жаңаөзенге Алматыдан әскерилер әкелініп жатыр деген бейнеролик таралып кетті.
«Әлеуметтік желіде тараған бейнеролик, атап айтсақ куәгерлер ол бейнероликте әскери техниканы түсіріп алған. Ол былтыр түсірілген болатын. Әскери ұшақтар мен тік ұшақтар түсірілген бейнеролик былтыр «Батыс-2018» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кезінде түсірілген», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Өңір билігі «әдейі жалған ақпарат» таратудың салдарының қандай болатынын тұрғындардың есіне салды.
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Жаңаөзен тұрғындарының көшеге шығып жалақысы жоғары жұмысты талап ететіндері туралы бейнеролик белсенді түрде тарап кетті. Жалақының көтерілуі мен жақсы жұмыс талап еткен Жаңаөзен тұрғындары 2018 жылдың аяғында республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатына сілтеме жасаған. Сол кезде мемлекет басшысы әйелі мен күйеуі жұмыс жасайтын отбасының орташа табысы Т500 мың деп айтқан болатын. Ресми түрде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақы Т42,5 мыңды құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: