Жалақының төмендегі Маңғыстау облысында ветеринар дәрігерлердің жетіспеушілігінің бір себебі

Күні: 10:12, 30-10-2014.

Ақтау. 30 қазан. ҚазТАГ - Жалақының төмендегі Маңғыстау облысында ветеринар дәрігерлердің жетіспеушілігінің бір себебі, деп хабарлады облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міндетін атқарушы  Талғат Балтабеков.
«Екі себеп бойынша кадр жетіспейді   - жалақының аздығы, ветеринар дәрігерге бар болғаны айына 61 мың теңге төлейді. Екінші себеп - жас мамандар жоқ. Соған байланысты Ақтаудан 40 студент жіберілді, олар грант бойынша, бюджеттік бағдарлама бойынша Алматы мен Оралдың екі университетінде оқып жатыр. 2016 жылы олар бітіреді, және біз сол жас мамандарды жұмысқа күтеміз», - деді Т.Балтабеков.
Хабарда айтылғандай, Маңғыстау облысының бес ауданында, сондай-ақ Ақтау мен Жаңаөзеенде ветеринарлық станциялар жұмыс жасайды. Әр ауданда тек бір ветеринарлық дәрігерден бар.  
Т:Балтабековтың айтуынша,   ветеринарлық станциялардың толық қуатта жұмыс жасап жатқаны тек биыл ғана.  
«Ветеринарлық станциялардың негізгі қызметі - малдардың аса қауіпті, жұқпалы ауруларының алдын алу. Сонымен қатар станция малдардың әр басына ен салып, төлқұжат береді. Біз әр ветеринарлық станцияны автокөлікпен, ветеринарлық құралдарды, оргтехниканы, кеңсе жиһазын қосқанда барлық қажеттіліктермен жабдықтадық», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: