Жамбыл облысы арнайы қызметі «Қырықбаевтар» ҰҚТ болжалды мүшелерін ұстады

Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ – Жамбыл облысы арнайы қызметі «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының болжалды мүшелерін ұстады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінен.
«Жамбыл облысы бойынша ҚР ҰҚК департаменті күш көрсету арқылы өңірдегі бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақша бопсалаған «Қырықбаевтар» ҰҚТ төрт мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. 21 мамырда жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында ҰҚТ «Р» және «Д» есімді екі мүшесін бопсалаған ақшаларын алғаннан кейін қылмыс үстінде ұстады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, сот ұсталғандарға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпас шарасын санкциялады.
«Ары қарайғы шаралар барысында 23 және 24 мамырда аталмыш қылмысқа қатысы бар ҰҚТ тағы екі мүшесін ұстады. ҰҚКД сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - делінген хабарда.

adimage