Жамбыл облысы «Қазфосфат» ЖШС жұмысында монополияға қарсы заңнаманың бұзылғандығы анықталды

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ – Жамбыл облысы «Қазфосфат» ЖШС жұмысында монополияға қарсы заңнаманың бұзылғандығы анықталды, деп хабарлады ҚР ҰЭМ ТМРБ ж ТҚҚК сайтынан.      
«Департаментпен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарының сақтау бойынша «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша, «Казфосфат» ЖШС-нің іс-әрекетінде Заңның 5-бабында қарастырылған шектеулерді орындамағаны туралы фактілері орын алғандығы анықталды», - делінген сейсенбідегі хабарда.  
Атап айтқанда, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға жол берген.
«Департаментпен 2018 жылғы 22 қазанда «Казфосфат» ЖШС-не Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзылуын жою туралы нұсқама енгізілген»,- делінген сайт хабарында.

adimage