Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Жамбыл облысы өнер мектебінің директоры үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген «Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің өнер мектебі» ҚМКК директоры А.Иманбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады. (…) 8 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен Иманбаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ведомство ақпарынша, Иманбаев жұмысқа тұрғызғаны үшін азаматтан Т150 мың сома көлемінде пара алған деген күдікке ілінген.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08