Жамбыл облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ – Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болып Әділ Кәрім тағайындалды, деп хабарлады өңір прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Бас прокуратураның 15 сәуірдегі бұйрығымен Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болып Әділ Кәрім тағайындалды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Кәрім 2018 жылдың маусымынан бастап Түркістан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры болған. Әр жылдары Орал прокурорының көмекшісі, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры, Бостандық ауданы прокурорының аға көмекшісі және Алматы прокуратурасы басқармасы прокурорының аға прокуроры, Алматының Алатау және Алмалы аудандары прокурорының орынбасары, Шымкенттің Қаратау ауданының прокуроры болған.

adimage